АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда шіркеу өртенді

Алматының жоғарғы бөлігінде, Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында шіркеу өртенді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, православтардың Петр мен Павл шіркеуінің жоғарғы бөлігі жанып кеткен.

Өрт таңертеңгі сағат 10 шамасында басталған. Әзірге өрттің себебі белгісіз. Зардап шеккен адам жоқ. Өрт басталғанда шіркеудегілер сыртқа шығарылып, ғимарат қоршауға алынған.

Шіркеудегі өртті сөндіруге арнайы техникалар мен өрт сөндірушілер барған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26859357