Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда бүгін “Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы” деген тақырыпта халықаралық конференция басталды. Екі күнге созылатын жиын биыл Алматының ислам мәдениетінің астанасы деп жариялануына орай және Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымының бастамасымен өткізіліп отыр.

Конференцияға Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері, 15-ке жуық елден ондаған саясаткерлер мен халықаралық сарапшылар қатысып жатыр.

Жиын барысында халықаралық интеграциялық процестер, ислам елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қатысты қазіргі жағдай талқыланып, көпжақты мәдени ынтымақтастық жайы қаралмақ.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150224/330/330.html?id=26865661

Рубрика: