АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда белсенділер Немцов қазасына көңіл айтты

Бүгін Алматыдағы Ресей елшілігі алдына он шақты белсенді қастандықтан қаза тапқан Ресей оппозициясының басшысы Борис Немцовты еске алуға жиналды.

Белсенді Тазабек Сәмбетбай бастаған он шақты адам елшілік алдына гүл шоқтарын қойып, Немцовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтатындарын білдірді. Сәмбетбай «Ресей оппозиция өкілінің қазасы бізге де ортақ. Қазақстанда да осы сияқты оппозиция белсенділеріне қастандық жасалған» деді.

Оппозициялық РПР-ПАРНАС партиясы төрағаларының бірі, Ярославль облыстық думасының депутаты Борис Немцовты 27 ақпанда Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер атып кеткен. Ресей мен шетелдерде оның қазасына орай көңіл білдіріп, еске алу шаралары өтіп жатыр.

Борис Немцов бүгін Мәскеуде жерленеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26878984