АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда әйгілі «Дос-Мұқасан» тобына ескерткіш қойылмақ

8f057a22d9e8a770f0e686cff89d2466«Олимпионик» әлеуметтік қоры қазақ эстрадасының жарық жұлдызы «Дос-Мұқасанға» арнап ескерткіш қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл «Олимпионик» әлеуметтік қорының алғашқы жобасы болмақ. Талант иелеріне арналған мүсін Алматыдағы Көк төбенің жотасына, «Битлз» музыканттарының маңына қойылады.

«Олимпионик» әлеуметтік қорының вице-президенті Темірлан Төлегеновтың айтуынша, Дос-мұқасандықтардың мүсінін белгілі скульптор Бақытбек Мұқаметжанов сомдайды. Мүсінші екі жыл бойы ізденіп, ақыры болашақ ескерткіштің образын тапқан. «Мұрат аға эскизді көргенде таң қалып, жас кезімде осындай жейде кигенмін бе таңданды. Мен жобаның оларға ұнағанына қуандым»,-дейді Т.Төлегенов.

Бүгінде аталған әлеуметтік қор «Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткішті жасауға қажетті қаржы жинаудың басталғанын жариялады. Бұл жобадағы алғашқы әріптестері «Qazaq Banki» АҚ арнайы шотқа қаржы аударып үлгерген.

«Мен алдымен топтың тарихымен, олардың сол кезде киген киім үлгілерімен таныстым. «Дос-Мұқасан» тобын бала кезімнен жақсы көретінмін. Алайда жүздесіп, араласқан емеспін. Сосын топ мүшелерімен танысып, біліскен соң соң образын жасау оңайға түсті»,-дейді Б.Мұқаметжанов.


BNews.kz