АЛТЫНОРДА
Новости

Алла Пугачева қайтыс болғаны туралы хабар тағы тарады

85170d21fd3512 шілде күні Ресейдің бірқатар ақпарат құралдарында белглі әнші Алла Пугачеваның қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы «Российский диалог» хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мұның алдында қайғылы хабарды жеткізді – Ресей эстрадасының королевасы Алла Пугачева қайтыс болғаны айтылды. Бірақ әншінің туған-туыстары бұл ақпарды әзірге растаған да, жоққа шығарған да жоқ», – деп жазады «Дни.Ру».

Соңғы уақыттары әйгілі әншінің жүрегі ауырып жүрді, дегенді алға тартады бірқатар ресейлік БАҚ-тар. Журналистердің айтуларынша, Алла Пугачева денсаулығының күрт нашарлап кеткеніне шағынған. Бұдан басқа, көргендер кейінгі кездері примадоннаның түрі оншалықты жақсы көрінбегенін жеткізіпті. Әртістің түрі де өзеріпті, шаршап жүргені де білінеді екен.

Ал «ИнформВест» сайты Алла Борисовнаның қатарынан бірнеше апта бойы көпшілік алдында көрінбегеніне назар аударады. Күйеуі Максим Галкин осыған қатысты сұхбат беруден бойын аулақ ұстапты. Фейк парақшаларды пайдаланушылар примадоннаның жүрек талмасы ұстап қалғанын дәрігерлердің деректері жеткізіп отырғанын да жазады.

Алла Борисовна Пугачева 1949 жылы 15 сәуірде Мәскеуде туған. Ол – КСРО халық әртісі (1990), Ресейдің халық әртісі (1995). Әнші, композитор, эстрада режиссері, продюсер.

Әншінің репертуарында 500-ден астам ән бар. Олар орыс, ағылшын, неміс, француз, иврит, фин, украин тілдерінде шырқалды. Әншінің дискографиясын 100-ден астам жеке концерті жазылған дискі құрайды. Альбомдары бұрынғы КСРО-дан бөлек, Жапония, Швеция, Финляндия, Корея, Германия, Полтша, Чехословакия және Болгария елдерінде басылып шыққан. Олардың жалпы тиражы 250 миллион данадан асады.

ras.kz

http://alashainasy.kz/