АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әлия «Сочи алтыны аруы » атанды

_jDZQE1SfYoАлматылық 22 жасар Әлия Даниярова Miss Black Sea Coast 2015 (Қара теңіз жағалауы аруы) байқауында «Сочи алтыны аруы» атағына ие болып, Сочиде демалуға жолдама алды.

Әлия бұған дейін де сұлулық байқауларына қатысқан. «Алматы -2014 аруы» және «Қазақ аруы-2013» байқауларының ақтық сынына дейін жеткен.

Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр факультетін бітірген ару «Махаббатым жүрегімде», «Қыздар», «Жедел жәрдем-2», Сүрбойдақ» сияқты отандық сериалдарға түсіп үлгерген.

«Қара теңіз жағалауы аруы» сұлулық байқауында Ресей, Украина, Қазақстан елдерінен 27 үміткер бақ сынаған екен. Ақтық бәсекеде қазылар алқасы қыздардың ұлттық киімдері мен шығармашылық нөмірлеріне де баса мән беріп, Әлия жақсы табысқа қол жеткізді.

Ғазиз Есембаев, aynaline.kz