Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жерден өнген өсімдікке дейін адам ағзасына тигізер пайдасы бар. Ал ежелден аялы алақанымызда өсіп келе жатқан жүгерінің де өзіндік қасиеті жеткілікті. Мехикода жүргізілген зерттеулер нәтижесі оның тамыр жайғанына 55 мың жыл болғанын көрсетіп берді. Әлем халқы тұтынатын бұл дақылдың құрамында А,В,С,Е витамндері (фолацин (9), ниацин (В3), тиамин (В1) ) бар. Мұнан өзге өсімдік жасаушаларының ұлпа қабығынан құралатын заттарды оның бойынан таба аласыз. Сондықтан жанына шипа іздегендер басты тағам ретінде ас мәзіріне пайдалануына болады. Дегенмен, жүгеріні алғаш рет кімнің өсіргені әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып келеді. Белгілісі Хрущев заманынан бері адамдар құнарлы жерге егіп, нәпақа айырып жүр.

Кукуруза-2

Астролог Рауль Родригес өз жазбасында былай дейді: «Кәдімгі жүгеріні ғарыштан пайда болды деуге негіз бар. Себебі, ол адамдардың мәпелеуінсіз өздігімен көбейе алмайды. Мәселен, күріш пен бидай жайқалып, өсімталдығы артады емес пе? Сабағы жапырақпен көмкерілген бұл жүгеріні адамдар өз қолымен отырғызбаса, ол өздігімен шықпайды»

Ертеден келе жатқан аңыздарда да жоғарыда астролог айтқан дерек сөз етіледі. Ол бойынша, басты құдай Кецалькоатль жүгеріні өмірге әкелген. Собығын жеген адам күні бойы тоқ жүреді. Осындай қасиетті дақылды Орталық және Оңтүстік Америка жылына төрт рет жинап алады.

Америкалық оқымысты Л. Морган жүгеріге сипаттама бере келе, оны табиғаттың ен байлығына санайды және оны үнділердің басты тағам ретінде ас мәзіріне пайдаланғанын айтады. Ерте дәуірде оны Еуропа тайпалары да сүйсіне жеген. Адамдар жүгеріні қайнатып, пісіріп, тіпті одан ұн, шарап та әзірлеген. Сондай-ақ, собығы мен жапырағын аяқ киім, киім фабрикасының өндірісіне пайдаланған. Ежелде үнділер жүгеріні тыңайтқыш ретінде бау-бақшаға қолданған әрі оны шұңқырға салып балықтар өсіреді.

Еуропаға кең тараған жүгері ізін ала Испания, сосын Франция, Португалия, Италия тұрғын үйлері аулаларында өсірілді. Осыдан сан ғасыр бұрын адамдар нені жеу керектігін ажырата алмағандығы себебінен зиянды жемістерден уланған. Осы тұрғыдан алғанда, жүгерінің пайдасы ерекше. Сондықтан да ол бай мен кедейдің үйінен табылды.

Аштық жайлаған жылдары жүгері Үндістан, Қытай адамдарының бойына қуат берді. Тарихы әріден басталатын бұл жүгері Ресей алқабында ХVII ғасырда өсірілген.  Оңтүстік өңір болмаса, бұл дақылдың табиғаты қатал аймаққа өсуі екіталай. Өйткені, жақсы өсіп-жетілуі үшін жайма шуақ күн қажет.

Кейбір елдерде жүгеріні «маис»  деп атайды. Осындай атаумен Пенза облысында бір ауыл бар екен. Шындығында, бұл ауылдың жүгеріге еш қатысы жоқ. Тек осылай аталып кеткен. Тіпті жүгері атауының түп-төркіні неден бастау алғаны беймәлім. Біреулер оның сабағына қарап «бұйра» сөзімен байланыстырады.

Одақта бірінші хатшы болған кезінде Никита Хрущев басқа өңірлерге жүгері өсіргенімен, Ресейде оның кең өріс жаюына ықпал ете алмады. Оны бүгін сол елдің экономикасына қарап бағамдап отырмыз. Ал АҚШ жүгеріні дәмді тағамға жатқызып «ұлттарды біріктіруші» деген бағасын берген. Тағамдарына жүгерінің бір пайызын ғана пайдаланады екен. Сиыр мен шошқаға сексен бес пайыздай жүгері дақылын береді. Қалған 14 пайызынан тіс пастасы мен виски өндіреді.

Көпшілік ас ауқатына айналдырған жүгері, міне, өндірістің де бойына қан жүгіртіп тұр. Кәдеге жарата білсең, барлық заттың өзіндік сипаты бар. Уақыт өте келе олардың да құпиясы ашыла жатар. Ал әзірге жүгеріні өндірісімізге пайдалана білу аса маңыздырақ.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

 

http://www.egemen.kz

Рубрика: