Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

rrНамысың болса – жарнамаңды түзе!

«Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы

 

2011 жылдан бері ұйымдастырылып жүрген «Бауыржан» қайырымдылық қорының «Әлемді өзгерт» деп аталатын республикалық байқауы биыл сәуір айында өз жұмысын қайта бастаған болатын. Содан бері бірнеше әлеуметтік шараларды өткізіп үлгерген Қор ұжымы бұл жолғы акцияны суретшілерге арнады. Алматы қаласында сайысқа түскен қылқалам шеберлері экологиялық проблемалар мен салауатты өмір салтын сақтауды өз туындыларында паш етті.

Бұл жолы сурет­ші­лерге екі түрлі тақы­рып ұсы­ныл­ды. Бірі – эко­ло­гия­лық про­бле­ма­ларды шешудің жолдары, екін­шісі – ве­ло­сипедтің ден­сау­лыққа пай­дасы қан­дай? Адам қиялынан ас­қан дүние бар ма? Өз фан­­тазиясын бояу­дың құ­діретімен жет­кіз­ген ма­мандар өзара са­йыс­қа түсіп, жеңім­паз­дарға құн­ды сыйлықтар та­ра­тылды.

Лаура Уатханқызы, жоба жетекшісі:

– Мұндай идея біз­дің азаматтар мен жастардың сана-се­зі­мін қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге ара­лас­ты­рып, оларды шешудің жол­да­рын із­дес­тіруде кірісе білуін қалып­тас­тыру үшін туындады. Әйтпесе, бір мә­се­лені бір бет қағазға түсіре білу кез кел­­геннің қолынан келе бермейтін шар­уа екендігі анық. Бұл жоба сол үшін де құрылған. Хал­қымыз әлемде туын­дап жатқан әлеу­меттік мәселелерді ше­шуде әлеу­мет­тік жарнамалардың қа­лай әсер етіп, көмек көрсетерін білгені аб­зал.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлемді өз­герт» байқауы – қоғам мүшелерін қайы­рым­­­­дылыққа, адамзаттық құндылықтарды қа­­­дірлеуге, өзекті әлеуметтік мәселелердің ше­­шімін насихаттауға, отаншылдыққа жә­не балаларды қорғауға тәрбиелеу мақ­са­тын­­да құрылған жоба. Коммерциялық мақ­­­­саттан бөлек, бұл байқау сонымен бірге әлеуметтік жарнама мәдениетін да­мытуды да көздейді. Байқауға қатысуға ниет­ті жандардың азғана уақыты қалды. Се­бебі жұмыстарды маусым айына дейін project@baurzhan.kz электронды ме­кен­жайына жіберу қажет. Байқау жүлде­сі­нің қоры 1 млн теңге. Жолданған жұмыс­тар­­­дың үздіктері «Әлеуметтік те­­­­ле­­жарнама», «Әлеуметтік баспа мен сырт­қы жарнама» жә­не «Әлеуметтік ин­тер­нет-жарнама» ата­лым­дары бойынша са­раланады. Ал же­ңім­­­паз­дарды ма­ра­пат­тау салтанаты 22-мау­­сым­да Алматы қа­ла­сындағы Esen­tai Mall сауда орталығының кино­теа­трын­да өтеді. Келем деушілерге есік ашық.

Тағы бір айта кетер жайт, «Алаш ай­на­сы» республикалық газеті мен «Бауыржан» қа­­йырымдылық  қоры осы «Әлемді өз­герт» рес­публикалық әлеуметтік жарнама бай­­қа­уы аясында «Намысың болса – жар­на­маң­­ды түзе!» атты акция жариялаған бо­ла­тын. Акция барысында жарнама мә­­­де­ниетін дамыту, оның ішінде қазақ тілді жар­­нама мәселесінің олқылықтары мен осал тұстарын талқылау және оны жетілдіру бо­йынша іс-шаралар өткізілуде. Бүкіл рес­публикадан сапасыз жарнамалық өнімдер жи­налып, жарнама ісіне жауапты орган ма­мандары сын садағына ілігуде. Енді сол жи­­налған қате жарнамалардың көрмесін ұйым­дастыру маусым айының бесінші жұл­дызына жоспарланып отыр. Көрменің нақ­ты өтетін орны мен уақытын қосымша жариялайтын боламыз. Сіз де акцияға бел­сене араласа аласыз! Себебі қазақ­стан­дық кез келген жарнама қазақы сауатты­лық­тың ай­насы іспетті. Егер сауаты сана­ңыз­­ға жақ­па­ған, өрескел қателігі бар жар­намаларды көзіңіз шалып, айтарыңыз бол­са, бізге хабарласуыңызға әбден бола­ды. Қазақ тілді жарнаманың сауатын бірге аша­йық!

 

Байланыс телефонымыз: 

388-80-60, e-mail: alash.as@mail.ru Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Рубрика: