АЛТЫНОРДА
Новости

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҰЗЫН ҚАЛЫҢДЫҚ КІМ?

Бразилиядағы ең ұзын қыз енді әлемдегі ең ұзын қалыңдық атанбақ. 

Бойының ұзынды 2 метр 2 сантиметрді құрайтын модель Элисани да Круз Сильва Франсинальдо да Силва Карвальенің (бойы 1,62 метр) ұсынысын қабыл алып, тұрмысқа шығуға келісімін берді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Бұл жұптың кездесіп жүргендеріне 3 жылдан астам уақыт болған. Бойлары арасындағы айырмашылыққа қарамастан Франсинальдо өзін еш уақытта қолайсыз сезінген емес. Салиноплис қаласында тұрып жатқан олар алдағы уақытта сәбилі болуды армандайды.
Құрылысшы болып жұмыс істейтін күйеу жігіт Франсинальдоның сөзіне қарағанда, ол бала кезінен бойы ұзын қызға үйленуді армандаған әрі қалыңдығы ұсынысынан бас тартпағанына қуанышты.
Ал қалыңдық болса құрылысшы жігіттің балаң сезіміне аса көңіл бөле қоймаған көрінеді. «Мен оны жек көретін кезеңдер де болды. Тіпті, кездесу кезінде оны ұрып та жібергім келеді», — дейді модель Mail Online басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, ғаламшардағы ең ұзын азамат бойы өзінен 78 сантиметр қысқа әйелмен шаңырақ көтерген болатын.

 

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/48990