АЛТЫНОРДА
Новости

Әлемдегі ең қымбат аяқ киім

Жаңа Зеландиялық жобалаушы Кэтрин Вилсон жергілікті әшекей бұйымдары компаниясымен бірлесе отырып, әлемдегі ең қымбат биік өкшелі аяқ киімді жасап шықты. Бұл аяқ киімнің қазіргі сатылу бағасы 500 мың доллар. Аяқ киім жалпы 21,18 карат бриллиантпен әшекейленген.

Күні бүгінге дейінгі әлемдегі ең қымбат болған бұл «алмас аяқ киімді» жобалаушы 50 сағатта жасап шыққан. Жалпы 2200 бриллиант көз өте жіңішкелікпен орналастырылған.

Мұны киіп жүруге кімнің батылы барсын. Оның айтуынша, бұл киім емес, қайта зергерлік бұйым ретінде сатылмақ. Ал сатылымнан түскен ақша бүкілдей қайырымдылық қорына тапсырылады екен.

Әлемге әйгілі әшекей бұйымдар шонжары House of Borgezie бұл ерекше зергерлік бұйымға Андерсен ертегісіндегі «күлше қыздың мәңгілік алмас аяқ киімі» деген атақ берген және алдағы бәссаудада міндетті түрде қол жеткізетінін айтқан.

Дайындаған: Алшын Матай

http://massaget.kz