АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 2-12 наурызы аралығында Астана қаласында өтетін болды.

Осы секілді байрақты бәсекеге кез келген команданың қатыса бермейтіні анық. Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында алғашқы үш орынды олжалаған және құрлық біріншіліктерінде топ жарғандармен қатар, ұйымдастырушы ел және ФИДЕ президентінің таңдауы түскен мемлекеттің ұлттық құрамалары ғана аталмыш жарыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болып отыр. Барлығы – 10 команда. Олар – Қытай, Ресей, Украина, АҚШ, Үндістан, Франция, Түркия, Грузия, Румыния және Қазақстан құрамалары. Бақ сынаушылар саны – 50 адам. Бұлардың барлығының да осы салада жеңіспен өрілген өзіндік бай дәстүрі бар. Қай мемлекетті алсаңыз да, халықаралық аренада ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізген. Тіптен әлемдік деңгейдегі жарыстарда атой салған ойыншылар шыққан. Сондықтан да біріншіліктің деңгейі аса жоғары болатынына еш күмәніміз жоқ. Жарыс классикалық ереже бойынша өтеді.

Айкын