АЛТЫНОРДА
Новости

Ақтөбеде мас мұғалім шәкірттерін пышақпен қорқытты

Астана. 14 ақпан. BAQ.KZ. Ақтөбе облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі араққа сылқия тойып алып, оқушыларды және әріптестерін пышақпен қорқытты, деп жазады «Қазақстан жаңалықтары».

 

Көзі аларып, қолына пышағын ұстаған ұстазын көрген оқушылардың кейбіреуі сол жерде талып қалған. Алайда, бұл масқара оқиғаны мектеп директоры бүркемелеп, қарамағындағы қызметкерлерге жақ ашпау туралы ескертпе жасайды. Келеңсіз әрекетке ашынған ата-аналар мектеп директорымен бірге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі де қызметтен кетсін деген талап қойды.
Ата-аналар шағымынан кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметтен қуылған. Ал мектеп директорына қатысты ұсыныс аудан әкімінің қарауына жіберілді.

Егемен Қазақстан