Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әңгімемізге арқау болғалы отырған шыңын мәңгі ақ қар басқан сұр-көгілдір ұлы тау Солтүстік Танзания жерінен орын тепкен. Таудың аты – Килиманджаро.

Килиманджаро сөзін суахили тілінен аударғанда “жылтыраған тау”деген мағынаны білдіреді. Аппақ қалпақ киген жанартау үшін бұл әбден лайықты ат деуге болады. Килиманджаро – Африканың ең биік шыңы(5899 метр).

Таудың ең керемет көрінісін Африка саванналарынан тамашалауға болады. Әсіресе, аптапты ыстық күндері буланған қарды көріп, тау төбесі қайнап жатыр ма деген ойға қаласыз. Ал осы уақытта аспанда көшіп жүретін жеңіл бұлттар тау сұлулығына сұлулық қосады.

Килиманджароның алып жатқан аумағы – 97 шақырым, ал ұзындығы – 64 шақырым. Тау Кибо, Мавензи және Шира атты жанартаулардың бірігу жүйесінен құралған.

1889 жылдың қазан айында Ханс Майер, Людвиг Патшеллер және Йонас Кинала Лауво есімді адамдар Килиманджароның ең биік нүктесі Ухуруды бағындырды.

Жалпы таудың ең биік шыңына жету үшін 5-8 күніңізді шығындауыңызға тура келеді. Алайда 2007 жылы Жерар Бавато есімді альпинист рекорд жанартты. Ол Ухуруға 5 сағат 26 минут және 40 секундта шыққан.

Оңтүстік Африкалық газеттердің хабарлауынша, 2002 жылы осы жердің жергілікті тұрғыны Джошуа Шумакэре тауға шыққан. Бұл кезде оның жасы небәрі тоғызда болды. Шынашақтай бала рекорд жасап қана қоймай, 10 жасқа толмаған балалардың тауға шығуға болмайтындығы туралы заңды бұзды.

Килиманджароны бағындырған ең кәрі кісі – француз Вэйлт Дэниел.Ол 87 жасында еш қиналмастан таудың шыңына шығып, тағы да бір рекорд жаңартты.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz

 

Рубрика: