АЛТЫНОРДА
Новости

 Әйелдер 63 жасқа дейін жұмыс істейтін болды

Қазақстан әйелдеріне 63 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келетінге ұқсайды. Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кешегі отырысында Министрлер кабинеті  әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ерлермен теңестіруді қарастыратын «Қазақстанда зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақыны қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады.


Image

Қазақстан Үкіметі мұндай қадамға ба­руын «Қазақстандағы зейнетақы жүйе­сіндегі қаржылық тұрақтылыққа қол жет­кізу» мақсатымен түсіндіреді.
– Біз бәріміз түсінуіміз керек. Кеңес Одағы кезінен қалған ынтымақтық зей­нетақы жүйесі 1998 жылдан бастап тоқ­татылып, жинақтаушы зейнетақы жүйе­сіне көшірілді. Біз қазір бәріміз ойлай­мыз: «сол ынтымақтық жүйемен ары қарай да зейнетақы алып жүре береміз» деп. Өкі­нішке қарай, олай емес. Жинақтау жүйе­сіне көшкеннен бастап, жыл сайын ынты­мақтық жүйеден алатын зейнетақымыз­дың салмағы төмендей береді. Нәтижесінде, бұл зейнетақы мөлшеріне әсер етеді. Сон­дықтан бізге әйелдердің жинақтау жүйе­сіне қатысу мерзімін ұзартуымыз қажет болды, – деп түсіндірді Үкіметтің кеше­гі отырысынан шыққан Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министрі С.Әбденов.
– 63 жасқа дейін көтеру тым көп қой? Парламентте талқылау барысында шегініс жасамайсыздар ма? Ол осылай қала ма?
Ең құрығанда, бір-екі жас азайтпайсыз­дар ма? – деп журналистер сұрақты қарша жаудырды.
– 63-ті неге көп деп отырсыз? – деп қарсылық білдірді министр Серік Әбде­нов.
– Ауыл әйелдеріне бұл қиынға тиеді ғой? Олар қырқында қартаяды. Сіз өзіңіз де ауылдан шыққан шығарсыз? Ауылда қайдан жұмыс табады? – деп, министрді арға жүгінуге шақырды БАҚ өкілдері. Бірақ министр бой бермеді. Ол «63 жасқа дейінгі қосымша беріліп отырған 5 жыл ішінде әйелдерге зейнетақылық жарна аударып, зейнетақы жинақтарын кіш­кене көбейтуге ықпал ету» ниеттерінде өзде­рінің енді табандап тұратынын аңғарт­ты. «Сіздер неге әйелдер 63 жасқа дейін жұмыс істей алмайды деп шештіңіздер? – деп журналистерге реніш білдірді Серік Әбденов. – Бүгінде Қазақстанда 190 мың зейнеткер жұмыс істейді! Оның ішінде 137 мыңы – әйелдер. Ендеше, бұл Қазақ­стан үшін жаңа фактор емес». Ол әйелдер арасындағы жұмыссыздар саны 286 мың­ды құрайтындығын хабарлады. Олар­дың ішіндегі 50 жастан асқандарының үлесі 7,5 пайыз көрінеді.

Image

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­-ғау министрі заң жобаларында зейнет­керлікке ертерек шығу мүмкіндігі де қарас­тырылғандығын алға тартты. «Мы­­­­салы, егер жинақтаушы зейнетақы қорында жиған жинағы жеткілікті бол­са, әйелдердің зейнетақы аннуитетін сатып алып, 50 жаста-ақ зейнетке шығуға мүм­кіндігі бар. Бұл үшін олардың жинағы 3 миллион 100 мың теңгені құрауы қа­-жет» деді ол. Ерлер үшін сақтандыру ұйым­дарымен аннуитет келісімін бекітіп, 55 жаста-ақ зейнетке шығу үшін жинағы 2 миллион 800 мың теңге болуы керек екен. Рас, министр бұл тек биылға ғана белгіленген меже екендігін, талап етілетін бұл сомалар елдегі әл-ауқат деңгейінің өсіміне жыл сайын қайта қаралып,өсіріліп отыратындығын нақтылады.
– Сонымен бірге заң жобасында көп- балалы аналардың 53 жастан зейнет­кер­лікке шығу мүмкіндігі сақталып отыр, – деді С.Әбденов. – Мұның сыртында Се­мей полигоны өңіріндегі тұрып жат­қан­­-
дарға, әйелдерге – 45 жастан, ал, ерлер­-
ге 50 жастан зейнеткерлікке шығуға рұқ­­сат ететін заң талаптары бар. Бұған қоса, ауыр, денсаулыққа зиянын тигізе­-тін жұмыстарда және өндірістерде жұ­-мыс істеп жатқан әйелдер мен ерлердің құ­қық қорғау мақсатында біз жұмыс беру­шіге олар үшін зейнетақы қорына тағы қосымша 5 пайыз жарна аудару міндетін енгізіп отырмыз. Бұл жағдайда да бұл өндірістердегі азаматшаларға 55 жастан зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі болады.
Еңбек министрінің дерегінше, Қа­зақстанда жыл он екі ай тұрақты түрде
ЖЗҚ-ларға жарна салып отырған қа­зақстандықтар саны небары 3 миллион 700 мың ғана екен. «Ал жұмыспен қам­тылған адамдар саны елімізде – 8 миллион 500, – деді С.Әбденов. – Сонда қараңыз, қаншама азамат бұл мәселеге дұрыс кө­ңілмен қарамай отыр! Сондықтан бұл бағытта Салық комитеті әрбір жұмыс берушімен жұмыс жүргізуде. Осы мақ­сатта Қаржы министрлігі тиісті іс-шара­лар Жоспарын құрып, ол қазақстан­дық­тарды да енді жинақтаушы жүйесіне қатыстыру мәселесін қатты қарайтын болады».
Сонымен, Үкімет кеше мақұлдаған шешім «әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын» 2014 жылдан бастап, жыл сайын
6 айға әрі жылжытып отыруды қарасты­рады. Осылайша,мемлекет 10 жыл ішінде, бірте-бірте әйелдер мен ерлердің зейнет жасының теңесуіне қол жеткізбек.
– Біз бүгінде тиісті актуарлық есепте­мелерді жасадық, – деді еңбек министрі. – Әйелдердің зейнет жасын арттыруға байланысты 2020 жылға дейін қосымша қажет болатын жұмыс орындарының нақты санын анықтадық. Оған сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз көлемінде ұстап тұру үшін 2020 жылға дейін 508 мың жұмыс орны қажет бола­-ды. Бұған қоса, біз бүгін Үкіметтің қол­дауын таптық, соған орай жақын уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы жүзеге асырылады.
Үкімет отырысында мәлім болғанын­дай, мемлекет зейнеткерлік жасын ұлғай­туға орай әйелдер үшін бірқатар жағдай­лар жасауға уәде етуде. Атап айтқанда, біріншіден, жұмыс істеуші әйелдердің біліктілігін арттыру жүреді делінді. Екін­шіден, «өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйел­дерді Жұмыспен қамт–2020 бағдарла­масы аясында өнімді еңбекке тарту»
қол­ға алынбақ. Үшіншіден, кәсіпкер не өз ісін бастағысы келетін әйелдердің микро­кредиттерге қол жетімділігін арттыру шаралары жасалатын көрінеді. Төртін­шіден, бала күтіміндегі әйелдерді өздері таңдаған кәсіптерге оқыту жүретіндігі айтылды. Бесіншіден, «Еңбек кодексіне зейнеткерлік жасы алдындағы әйелдермен еңбек қатынастарын тоқтату бөлігінде жұмыс берушіге қойылатын талаптарды қатайтуды қарастыратын өзгерістер енгізіледі». «Кодекске қандай өзгерістер енеді? Сонда жұмыс берушілерге жасы зейнеткерлікке жақындаған әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салына ма?» деп сұрадық министрден.
– Еңбек кодексіне тиісті кепілдіктер енгізіледі, – деді Серік Әбденов. – Зейнет жасына жеткенше жұмыс беруші жұ­мысшыны жұмыстан шығара алмайды. Осыған қосымша кепілдік беріледі. Бұл тек әйелдерге ғана емес, ерлерге де қа­тысты болады, – деп нықтады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Кімнің мүддесін қорғап отыр?

«Ресей экономикасының қарқын алуына мүдделіміз» дейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Расында да, статистикалық деректерге қарағанда, екі ел арасындағы тауар айналымның басым бөлігін ресейлік импорт құрайды. Ал қазақстандық өнімдердің кедендік одақтас елге шығарылу көлемі соңғы жылдары керісінше төмендеген. Соған қарамастан, бас банкир енді Ресеймен бірге ортақ банк пен валюта құру жайын топшылайды.
– Біз бұған аса мүдделіміз (ресейлік экономиканың жылдам өсіміне – ред.). Егер біз жылдам өсетін болсақ, Ресейді артымыздан сүйрей алмаймыз. Бірақ егер Ресей шапшаң өссе, ол бізді өзінің артынан тарта алады. Ең алдымен макро­экономикалық өлшемдерімізді анықтап алуымыз керек. Қағидалар белгіленгеннен кейін оларды бес жылдан кем емес уақыт аралығында мүлтіксіз, тіпті еуроаймақ­та­ғыдан да қатаң форматта орындауымыз қажет. Содан кейін интеграцияға дайын­дық институттарын құрып, сонан соң – ұлт үсті Орталық Банк құру керек. Сосын ғана ұлттық валютаны айналысқа шыға­руға болады. Егер ертең біз барлық та­лаптарды сәйкестендірсек, бұл жұмыс 8-10 жыл алады.

Григорий МАРЧЕНКО,
Ұлттық банк төрағасы («Коммерсант Деньги» журналы, 1 сәуір, 2013 жыл)

Мұхтар ТАЙЖАН, экономика ғылым­дарының кандидаты:
– Қазақ экономикасы мен қаржы сек­торын Ресейге қосуды ашық айтып отыр ғой. 10 жылда ортақ валюта жасаймыз, алдағы жылдары Ресеймен Орталық Банк құрмақпыз деп бүкіл Қазақстан­ның атынан көсіліп сөйлейді. Қазақтың тағдырына қатысты мәселелерді өз бе­тін­ше шешіп қоятын ол cонша кім? Ресей­дің Орталық Банкіне қарасақ, өзіміздің Ұлт­тық Банктен айырыламыз. Одан айырыл­сақ, тәуелсіздігіміздің құны жоқ. Өз ақшасынан айырылған, өз қаржы саясатын жүргізе алмайтын, өз ұлттық банкі жоқ елді бодан демей, не деуге болады?
Жалпы, мемлекеттік тілге деген көз­қарасынан-ақ әркімнің, түптеп кел­ген­де, өз еліне деген оның қатынасын білуге бо­ла­ды. Мәселен, 2010 жылы ол: «Басты міндетім – қазақ тілін оқу деп есеп­те­сеңіздер, мен сіздермен келіспеймін» деген. Кез келген мемлекетте осындай лауазым иесі мемлекеттік қызметінен босатылар еді. Бірақ біз толерантты елміз ғой. Қаржыгер-банкирлердің ешқайсы­сының әлі күнге дейін қазақ тілінде бас­пасөз мәслихатын бергені есімде жоқ. Жағдайды өзгертетін уақыт жетті емес пе? Ұлттық банк төрағасы мемлекеттік институттарды да құрметтей білуі тиіс. Ол көптеген жыл бойы Мәжіліс пен Сенатқа есеп беруге да бармайды, онда өзінің орынбасарларын жіберумен шектеледі.

ДЕРЕК:

Қазақстан Статистика агенттігі мәлі­меттері бойынша, Қазақстанның Ресей­мен сыртқы сауда айналымы 2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8 па­йызға өсіп, 23,9 млрд долларды құра­ған. Қазақстанның көрші елге экспорты 6,7 млрд доллар болса, Ресей импорты 17,1 млрд долларға, яғни үш есеге жуық артық шыққан. Екі ел арасындағы жалпы тауар айналым көлемі бойынша қазақ­стандық экспорттың үлесі 28 пайыз болса, 72 пайызы – ресейлік импортқа тиесілі. Қазақстандық экспорт көлемі соңғы жыл­дары төмендеген. 2007 жылы Ресей мен Беларусьқа тауар шығару Қазақстан­ның жалпы экспорт көлемінің 10 пайызын құ­ра­са, 2011 жылы бұл көрсеткіш 8,7 па­йыз­ға төмендеген.

Дайындаған: Нұржан ЖЕҢІС, Айхан ШӘРІП

http://www.aikyn.kz/