АЛТЫНОРДА
Новости

АБДУРАХИМ ХАННЫҢ ТӘУКЕ ХАНҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ ТАБЫЛДЫ

39c6b9484fe9a6b706d308c683facd5aҮндістанда Тәуке ханның билігіне қатысты тарихи дерек табылды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова мәлімдеді.

Саларджанг мұражайының қолжазбалар қорында Абдурахим ханның Тәуке ханға жазған бір жауап хаты табылды. Ол хат шамамен 1717-1718 жылдары жазылған. «Абдурахим хан кезінде Қоқан хандығын билеген. Оны кейбір деректерде Шахрух ханның ұлы, енді біреулер Бабур шахтың ұрпағы деп атайды. Тәуке ханға жазған жауап хатында ол: «Сіздің Шыңғыс ханның ұрпағы екеніңізді жақсы білемін. Сол үшін құрметтеймін. Мен өзіңіз сұраған өтінішіңізді, сондай-ақ сыйлық ретінде бірнеше семсер қылыш жіберіп отырмын», — деп жазған. Біздіңше, осы хатта астарлап айтылған «өтініш» әскери көмек болды», — дейді Ғ. Қамбарбекова.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/31076