АЛТЫНОРДА
Новости

7 теріс түсінік: Ақша адамды құрта ма?

Күні-түні жұмыс жасап, тыпырлап жүрсе де, қалтасы тесік болып жүретін ағайындар баршылық. Ақша біткен сол кісілерді айналып өтіп жатқандай әсер қалдырады. Ол кісілер кейімесін. Мүмкін, сіз де осы қатарға кіріп қаларсыз. Және осы қалыпта жүрудің сырын әлі күнге ұқпаған болар деген ойдамын.

Ең басты себеп — сіздің ақша туралы теріс түсінігіңіз. Басқа шығып алған ол қандай түсініктер екен?

Өткен күндерден іздеген дұрыс болар. Құлдық сана мен ақша туралы жанкешті ойлар алыста қалып қойғанымен, жақында жүрген кемпір-шалдарымыз (ғұмыр-жастары ұзақ бола көрсін!) сана сарсытқан күңсік ойларымен қалың жасты беймаза қылып, тіршіліктің болмысын өзгертіп келеді. Соның «арқасында» миллиондаған адамдар әлі күнге бай болудың арман жолында тесік қалтамен күнелтуде.

Қарсыласты жеңу үшін, оны танып-білу қажет. Ақша туралы теріс түсініктерді тізіп көрелікші.

Ақша туралы алғашқы қателік — үлкен ақша ауыр еңбекпен ғана келеді. Егер осы ойға үйірсек болсаңыз, онда өмір бойына ауыр жұмыс жасап, мардымсыз жалақы алып өтесіз. Шын мәнінде, үлкен ақша табу бәлендей қиын шаруа емес. Бар-жоғы жетінші түйсікті, ақыл-ойды іске қоссаңыз болғаны.

Екінші қате түсінік — өмірде ақша басты емес. Шындығында, ақша деген — ең жоғары құндылықтарға бастап баратын өткел. Және қалтаңызда көк тиын болмаса, онда сіздің бағаңыз… Сенсеңіз, ақша деген ең үлкен өлшем болып табылады. Ақшаның арқасында өмірден керек нәрсенің бәрін алып, жақындарыңызбен бақытты ғұмыр кешкен тамаша емес пе?!.

Үшінші қате түсінік — ақша адамды құртады. Барлық миллионерлер мен миллиардерлер — ақылды әрі ауқатты адамдар. Олар қарапайым жұмысшымен салыстырғанда мүлдем ашуланбайды деуге болады.

Төртінші қателік — адал жолмен ақша таба алмайсың. Керісінше, дәл осы жолда үлкен ақша мен көл-көсір дүние ере келмек. Қай уақытта болмасын, қайырымды іс қожайынының қалтасын толтырады.

Бесінші қате түсінік — төңіректің бәрі кедей болғанда, жалғыз өзіме бай болған жарасымсыз. Бай болған жаман ба? Қалаған елге қыдырып, қалаған асыңыздан дәм татып, жақын-жұрағаттарыңызға өмір бойына қамқорлық көрсете аласыз. Ал көптеген адамдардың кедей болып қалуы — ол өздерінің қателіктері. Әр адам өз өмірінің патшасы.

Ақша туралы алтыншы теріс түсінік — ақша бар болса, оны «қара» күндерге сақтап қойған дұрыс. Бұлай істеудің не қажеті бар екен? Сіз білесіз бе, ақшаны іске салғанда ғана үлкен пайда көзін алып келеді. Және «қара» күн деген қайдан шыққан?!.

Ең соңғысы және ең қате түсінік — кедей болып туылып, кедей болып өлем. «Жақсы» мүмкіндік екені сөзсіз. Дәл осылай еш нәрсе істегісі келмейтін адамдар ғана ойлайды. Әйтпесе, практика көрсетіп отырғандай, әлемге әйгілі байлардың дені кедей отбасылардан шыққан.

Теріс түсініктермен қалай алысуға болады? Қарапайым ғана жолы бар ма? Әлбетте, бар болған соң теріс түсінік пайда болған. Бар жұмбақтың кілті қалтаңызда жатқан шығар.

сурет: gorpom.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz