АЛТЫНОРДА
Новости

4, 5 ЖЫЛ ҮЙДЕ ОТЫРАДЫ

87ba1d73971e9ca0744b9c958f5fa124Осы уақытқа дейін декреттік дамалысқа шыққан әйелдер 3 жылға дейін дүниеге келген сәбиімен үйде отырып келгені белгілі. Енді бұл мерзім тағы да 1,5 жылға созылатын түрі бар. 

Сөйтіп орыс әйелдері 4,5 жылға дейін декреттік демалыста бола алады. Аталған заң жобасы жақын күндері Мемлекеттік Думаға тапсырылмақ. Енді өзгеріске  енген жаңа заң бойынша ата-аналардың біріне келісім бойынша 4,5 жылға дейін үйінде баласымен отыруға мүмкіндік бар. Әрине бұл заң мемлекеттік қазынаға күшке түсетіні білгілі, нақты айтар болсақ, келер жылы осы мақсатта федералдық бюджеттен 470,6 млн рубль бөлінбек. Жалпы орыс билігі декреттік демалыстың мерзімін неге тағы 1,5 мың жылға созып отыр? Әлеуметтік саясаттың астарында не жатыр? Бұл ең алдымен елдегі демографиялық ахуалды түзеп, көп балалы аналарды қорғау және қолдау мақсатынан туындап отыр.

Декреттік демалыстың мерзімін ұзарту туралы бастаманы президент болған тұста Дмитрий Медведев қолдағаны белгілі. Енді міне ол қазір ел премьері  болған тұста жүзеге асатын түрі бар. Әрине Ресейдің бұл саясаты түсінуге тұрарлық. Елде қазіргі таңда орыстар арасында бала туу азайды, жалғызбасты аналардың саны артты. Әр отбасында 1 баладан ғана бар. Бұл үрдіс соңғы он жылда тіпті белең алып кетті. Халықтың санын арттыру, демографиялық ахуалды түзеу үшін осындай қадамға барып отырған орыс билігінің бұл қадамы құптауға тұрарлық. Десек те, аталған заң жобасы  «бала–бапқытым» деп түсініп, дүниеге көп шақалақ әкелетін Ресей құрамындағы басқа ұлттарға тиімді болғалы тұрғанын жасыруға болмайды.

 

Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz/articles/view/33049