АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

24 қыз «Қазақ аруы» атағына таласады

Танымал продюсер Баян Есентаева осы жылғы «Қазақ аруы» байқауының қашан болатынын және оған республиканың түкпір-түкпірінен қанша қыз баланың қатысатынын жария етті.

— Ұйымдастырылып жүргеніне бірнеше жыл болған «Қазақ аруы» биыл да жалғасын табады. Осы жылы 24 қыз бағын сынамақшы. Қазіргі таңда олармен кәсіби хореографтар мен стилистер жұмыс істеп жатыр. Сайысқа қатысушыларды іріктегенде олардың 22 жастан үлкен болмауын, бойының ұзындығы 170 сантиметрден кем болмауын мықтап ескердік, – дейді ол.

Байқаудың өзі 16-шы наурыз күні өткелі отыр. Бұл күні әдеттегідей қазақ әншілері іріктеуден сүрінбей өткендерге көмектеседі деп күтілуде.

Ермек ЕСТИЯР

http://aynaline.kz