Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Павлодарда Сарықамыс елді мекенінің 48 жастағы тұрғыны  ауылдасының үйіне мал союға кеткен  күйі оралмаған. Ал туыстары оның мәйітін бір күн өткен соң, сол үйден тауыпты.  Марқұмның неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап

Жақындарының айтуынша, оның  шашы мен қасын қырып тастаған. Ауылдасының үйіне өз аяғымен кеткен Тұрысбек Қабдыраш шаңырағына табытпен оралды. Туыстары оның өліміне ауылдасын айыптап отыр. Өйткені оқиға болатын күні марқұмды ауылдасы жылқы союға көмектесуін сұрап, өзі  келіп ертіп кеткен.

 

“Жоқ деп мені дуалынан үйіне кіргізбей қойды. Жазғы үйінде өліп жатыр екен сол. Барлық жер қан. Жазғы үйдің ішінде тамшы-тамшы қан жатты. Жан сақтап отырған жұбайымнан айырылдым енді. Қалай күн көремін?”, – дейді марқұмның әйелі Цэцэггүл Түркістан. 

Ал марқұммен  сол күні бірге болған елдімекеннің бір тұрғыны  ештеңе көрмегенін айтты. Не болғанын да білмеймін дейді.

“Мызғып кетіппін үстелде. Қасты алып тастапты. Сол екі ортасынан хабарым жоқ. Қай кезде алып тастағанын білмеймін. Мен кекенде Тұрысбек үстелде ұйықтап жатты. Алмат та да, Пашка да болған жоқ”, – оқиға куәгері Талғат Жүсіпов. 

Ал жақындары болса, марқұмды зорлықпен өлтірген болуы мүмкін екенін айтады. Мәйітті көрген куәгерлер оның қасы мен шашын қырып тастағанын жеткізді. 

“Түнде қайтыс болған адамды түскі бірге дейін ауылға айтпаған. Әйелі іздеп барған сұраған. Қасын ұстарамен қырып алып тастаған. Шашын да жартылай ұстарамен алып тастаған”, – көршісі Мұрат Батталұлы. 

Ал полиция департаменті мұны жоққа шығарды. 

“2021 жылдың 14 қыркүйегі күні Екібастұзға ауылдық аймағына қарасты ауылдардың біріндегі жазғы ас үйден 1973 жылы туылған адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық іздері болған жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша  өлімге алкоголдік интоксикация себеп болған”, – Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова. 

Марқұмның туыстары оның арақтан өлді дегеніне сенбейтіндерін айтады.  Күдікті бұрын  ауылда  учаскелік полиция  болған дейді.  Қазір зейнеткерлікке шыққан. Сондықтан ол жазадан сытылып кете ме деп қорқады.

“Мәйіт сол шалқасынан жатыр екен. Көп жатып қалғанға ұқсайды. Қап-қара боп кеткен. Басы ісіп, адам танылмайтындай болып кеткен. Сол жігіттің денсаулығы мықты еді. Тепсе темір үзетін азамат еді”, – дейді марқұмның туысы Манат Саят. 

Туыстарының атйуынша,  күдіктенген адам қанды оқиғадан кейін ауылдан кетіп қалған. Онымен хабарласу мүмкін болмай тұрған көрінеді. 

Рубрика: