АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Қарттар үйіндегілер қандала толған бөлмеде тұрып, сынған ыдыспен тамақ ішуге мәжбүр»: Павлодарлық қызметкерлер шенділерге шүйлікті[:]

[:kz]

Павлодар қаласындағы қарттар және мүгедектер үйінің қызметкерлері қандала, сынған ыдыс-аяқ пен санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауына наразылық білдірді. Шағым бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram әлеуметтік желісінде қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мекемедегі санитарлық талаптардың орындалмауына шағымданды.

 

“Қандала мен тарақандар өте көп. Әсіресе паллиативті бөлімде, онда мекеменің қамқорлығына алынғандар жатыр. Оларды жәндіктер талап тастады. Дене бастарының бәрі қызарып, қышып жатыр. Қышуды басатын дәрілерді өз қалталарынан алып отыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ посттың авторлары қарттар мен мүгедектердің сынған ыдыс-аяқтардан тамақ ішіп, өмірі ауыспайтын ескі іш киімдермен жүргенін айтады. 

«Қамқорлыққа алынған әйелдер бір айға 2 бума 32 дана мөлшерінде урологиялық төсемдер беріледі. Ал қалған күндері сөзбен ғана памперстер», – делінген хабарламада.

Шағымда басқа да бірқатар бұзушылықтар жазылған.

«Түнде шамамен мекеме қамқорлыққа алған 160 адамға санитарсыз екі медбике кезекшілікте қалады. Жақында санитарлардың түнгі ауысымдары қысқартылды. Бір медбикеге шамамен 75 адамнан келеді. Ал олардың арасында арнайы және тұрақты күтімді, сондай-ақ үнемі медбикенің қарауын қажет ететін тұрғындар бар. Интернаттың жеке қажеттіліктері үшін медбикелер мен санитарлардан ақша алынады. Душқа арналған перделер, гигиеналық заттар, интернат аумағынан қоқыс шығаруға, қол сүлгілері үшін үнемі ақы алынады. Бірақ олар интернатта қамқорлыққа алынғандарға берілмейді», – делінген шағымда.

Пост авторлары бұл жағдайды қарттар үйіндегі басшылықтың ауысуымен байланыстырады. Мекеме қызметкерлерінің шағымына бірінші болып Павлодар қаласының әкімі Қастасин Байханов жауап берді.

«Иә, мұнда сипатталған жағдай адам төзгісіз. Біз бәрін міндетті түрде қарап, тиісті қорытынды жасаймыз. Егер фактілер расталса, қатаң шаралар қабылданатын болады», – деді Байханов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Павлодар қарттар үйі қызметкерлерінің шағымы бойынша қызметтік тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

«Дүйсенбіден бастап біз қарттар үйінің қызметкерлерінің анонимді хабарлауынан кейін 13 мекемеге қызметтік тергеу жүргіземіз. Егер айтылған фактілер расталса, нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз. Біздің ониторингтік топ бірнеше рет тексерсе де, онда бұзушылықтар ешқашан анықталмаған», – деп хабарлады Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисүпова.

 

[:]