АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды [:]

[:kz]

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды.

Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми каналында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. «Қарақалпақстанда жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Ведомство байланысу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болатынын мәлім етті: +9989 61 224-82-06, +99899 385-86-44. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Одан бөлек келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Штаб Қарақалпақстан ІІМ-нің көші-қон және азаматтықты рәсімдеу басқармасының үшінші қабатында орналасқан. Еске сала кетсек, бұған дейін Қарақалпақстандағы тәртіпсіздік салдарынан 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасында тұрып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі тәртіпсіздіктердің жоспарланғанын және оны шетелдік күштер жылдар бойы дайындап келгенін мәлімдеген еді. Соңы тәртіпсіздікке ұлсқан шерулер көрші елдің жаңа конституциясында Қарақалпақстанның мәртебесін өзгертуді ұсынғаннан кейін басталған болатын. Соның салдарынан Нүкісте 18 адам қаза тапқаны айтылды. Осы оқиғалардан кейін ел парламенті конституцияға енгізілетін өзгертулерде Қарақалпақстанның егемендігі сақталатыны белгілі болды.

kaz.nur.kz

 

[:]