АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Қанат Ислам титулды белдесуде жеңіліс тапты[:]

[:kz]

Қазақстандық Қанат Ислам титулды белдесуде британиялық Джеймс Килрейн Келлиден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Он раундқа есептелген дуэль АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтті. Бокшылар орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша бос чемпиондық титулға таласты.

Жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер шешімімен Келли жеңіске жетт.

Айта кетейік, Қанат Ислам алдыңғы жекпе-жекте эквадорлық Джейсон Александр Минданы (14-6-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген. Ал 29 жастағы Келли былтыр желтоқсан айында отандасы Генри Мэттьюсті мерзімінен бұрын (16-51-3, 2 КО) жеңген.

[:]