АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Қалыңмалы — 6 млн. Келіншек осынша ақшаға пластикалық операция жасатқан (видео)[:]

[:kz]

Алматылық Зухра Хакиева сұлулыққа жаны құмар жан. «Әдемілік құрбандықты қажет етеді» деген қағиданы ұстанатын ол осы күнге дейін бет-әлпетіне бірнеше рет пластикалық операция жасатқан. Өзінің айтуынша, шамамен 6 миллион теңге жұмсаған. Бір баланың анасы Зухрамен Express Qazaqstan тілшісі сұхбаттасты.

Зухраның жасы 32-де. Ерасыл есімді 5 жасар ұлы бар. Келіншек төрт жыл бұрын күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен.

Баламен үйде отырған кезде өз-өзіме қарамай кеттім. Артық салмақ қостым. Өзіме қарамай кеткен соң, күйеуім маған қарамай кетті. «Неге мен әдемі емеспін? Түрім неге онша емес?» деген сұрақтар көкейімде жүрді,

— дейді Зухра Хакиева.

instagram.com/zuhra_hakieva
instagram.com/zuhra_hakieva

Бір күні Зухра ойланбастан бірінші операциясын жасатады. Ол көздің астында салбырап тұрған теріні алдыртып тастайды. Оған 85 мың теңге жұмсаған. Блогер келіншек бір емес бірнеше рет пластикалық операция жасатқанын алға тартты.

«Одан кейінгі операцияны жарты жылдан кейін жасадым. Блефаропластиканы армандадым. Көзімнің үстіңгі жағын кесіп, қабақтың пішінін өзгерттім. Нәтижесі өте керемет. Бір айға жетпей терідегі тыртық кетті. Бағасы — 250 мың теңге. Одан кейін хейлопластиканы жасаттым. Тағы пышаққа түстім. Булхорн немесе ерін пластикасы деп те аталады. Менің үстіңгі ернім тістерімді жауып тұратын. Соны жоғары көтеріп, мұрынның астынан тіктірдім. Бұл операция да өте сәтті шықты. Хейлопластикаға да 250 мың теңге жұмсадым. Сондай-ақ, ринопластиканы да жасаттым. Неге десеңіз, мұрнымның ұшы төмен қарап, ерсі көрінетін. Кейін мұрнымды еуропалық стильде өзгерттім. Құны 1 миллион теңге болды», — дейді блогер.

instagram.com/zuhra_hakieva
instagram.com/zuhra_hakieva

Сонымен қатар, Зухра 500 мың теңгеге кеудесін, 3 миллионға тісін жасатқан. Ал 840 мың теңгеге бразилиялық жіппен бетін тарттырған. Операциядан кейін Зухраның өзіне деген сенімі артқан. Енді келіншек өзін түсінетін жігіт іздейді.

Операциялардың барлығына шамамен 6 миллион теңге жұмсадым. Қалың малым да дәл сондай қаржы болса деп ойлаймын. Бірақ маған ондай ақша берсе де менің тарапымнан арсыздық болар,

— дейді Зухра.

 

[:]