АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Қайрат еңбекқор, еліне жанашыр азамат!». Әнші Айқын қамалған депутатқа араша түсті[:]

[:kz]

 

Ол күні мародерлардан әкімдікті қорғауға тырысқанын, және жігіттермен топтасып магазиндерді тонаудан қорғағанын білемін.

Әнші Айқын Төлепберген  бүгін түнде ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қолдап пост жазды.

Әнші Айқын Төлепберген  бүгін түнде уақытша ұстау изоляторына қамалған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қолдап, Instagram-да пост жазды, – деп хабарлайды 7kun.kz.

– Қайрат еңбекқор, және еліне жаны ашитын азамат. Ол күні мародерлардан әкімдікті қорғауға тырысқанын, және жігіттермен топтасып магазиндерді тонаудан қорғағанын білемін. Бәрі дұрыс жағынан шешіліп кететініне сенімдімін, – деп жазды әнші өз парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қайрат Құдайбергенді ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен ұстады.

Алматыдағы қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде Қайрат Құдайберген «Диккий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қасынан көрінген болатын.

Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек,  Қайрат Құдайберген «Диккий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, оның айналасына бірігуге және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған. Сондай-ақ ол адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау берген.

«Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты», деді прокуратура.

[:]