АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Италияда коронавирус жұқтыру дерегі күн сайын азайып келеді [:]

[:kz]

 

Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны азаюда COVID-19 жағдайы жақсара бастады. Соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған адамдар саны айтарлықтай азайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Италияда жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асады, соңғы тәулікте оған тағы 1648 жұқтыру жағдайы қосылды. Шындығында, елде инфекцияны 75 528 адам жұқтырған. Сонымен қатар, соңғы 13 күнде күн сайынғы өсім 3 мың пациенттен аспады. Мұндай төмен көрсеткіштер елде 10 наурыздан бастап байқалмады деп жазады РИА Новости. Мұнда бір тәулікте 1 590 адам сауыққан. Барлығы 14 620 адам емделд. Дәрігерлердің пікірінше, мұны да рекордтық көрсеткіш деп атауға болады. Италия билігінің хабарлауынша, қазір елде инфекция шыңы еңсерілуде. Сондай-ақ, ақ халаттылар динамиканы ескере отырып, көп ұзамай есептегіштердегі сандардың біртіндеп төмендей бастайтынын болжады. Алайда елде қаза болғандардың саны тұрақты болып қала береді. Осылайша, бір күнде Италияда 812 адам қайтыс болды, олардың жалпы саны — 11 591 адам. Өткен жұмада қайтыс болғандар саны тәулігіне 969 адамға артқан еді. Жалпы, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 784 716 жағдайы анықталды. Естеріңізге сала кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асқанын хабарлаған едік. 

Источник: NUR.KZ 

 

[:]