АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Ине салатын сау жері қалмады»: Екі бүйрегі істен шыққан азаматтың жары жанұшыра көмек сұрады [:]

[:kz]

Алматы маңында пәтер жалдап тұратын Айдархановтар отбасы соңғы бес жылдан бері әупірімдеп күн кешіп келеді. Ел қатарлы өмір сүріп жатқан олар үй иесі Бағлан Айдархановтың екі бүйрегі істен шыққан соң, бұрынғы күйлеріне зар болып қалған. Жасы отыздан асқан азаматтың гемодиализ арқылы жан бағып отырғанынан алты жылға жуықтады.

Бүгінде олар талай жердің есігін қағып, көмек сұраған.

Алайда, құны 15 миллион тұратын отаға ешкім де қол ұшын созар емес. Осы орайда, жарының күн сайын нашарлап бара жатқанына алаңдаған әйелі Гүлнафис халықтан жанұшыра көмек сұрады. «

Жолдасы денсаулығы барда отбасын асырап келген. Ол ауырғалы бері бар ауыртпалық маған түсті. Күйеуім Бағлан Айдарханов 1985 жылғы. 2015 жылдан бері бүйрегі істемей, дәрігерлер толығымен алып тастаған еді. Міне, содан бері ол гемодиализ арқылы өмір сүруде. Оның жағдайы нашарлап бара жатқанын көру маған өте ауыр. Алты жылдан бері төсек тартып жатыр. Оған шұғыл бүйрек ауыстыру отасын жасамасақ, жағдай қиындап барады. Өйткені, қазір ине тығатын жер қалмады қолында. Тамырлары шұрқ-тесік, дәрігерлер гемодиализдің өзін жасау қиындып кеткенін айтуда», — дейді Гүлнафич.

Бағланға созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 5-сатысы, В вирусты гепатиті, уремия, бүйрек анемиясы диагнозы қойылған. «Әкемнің мұндай халін көру бізге ауыр. Қолымнан келетін көмек жоқ. Оған қалай көмектесерімді білмеймін. Ертерек бүйрек ауыстырмаса, өмірі қыл үстінде тұр. 15 миллион табуға біздің шамамыз келмейді. Сондықтан, сіздерден көмек сұраймын. Әкемді құтқаруға көмектесіңіздерші. Оған қараған сайын жүрегім ауырады.

Пәтер жалдап тұратындықтан, 15 миллионға операция жасау жалғыз анам үшін өте қиын. Мейірімді жандар болса, бала жүрегіммен көмек сұраймын. Біздің басқа амалымыз қалмады. Уақыт өткен сайын жағдайы нашарлап барады», — дейді Бағланның он жасар ұлы Ринат. Бағлан Айдархановқа көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi Gold: 8 702 594 45 86, Гулнафис

 

kaz.nur.kz

 

[:]