Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Индира Расылхан өзін дуалаған адамның кім екенін сезіп жүр. Бүгінде ол сиқырдың күшін жою үшін қари кісіге оқытылуда. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Әнші жақында “Менің өмірім” бағдарламасына сұхбат беріп, екінші күйеуімен айырылысып кеткенін айтқан еді. Индира жолдасын қатты сыйлайтынын, онымен қатты араздаспағанын, екеуінің екі жаққа кетуіне қандай да бір дуаның әсері болуы мүмкін екенін айтып қалды.

Өнер иесі оқырмандарына берген жауабында әзірге жалғыз екенін, бұл күйге де үйреніп қалғанын жеткізген. Ол өзін дуалаған адам жайлы айтты. 

 

“Маған дуаны кім салса да, өзіне жасаған қиянаты деп санасын. Кім екенін жүрегім сезеді. Бір адамның зұлымдығы қаншалықты екендігін Алла тексергісі келген да. Ол адам аузубилләның жетегінде еріп, мені құртудың амалымен жасаған да. Алла әділ! Алла ғажап!

Алланың қалауымен қари кісі келіп, оқып жатыр. Тәуіп, балгерлерге жоламаңыздар”, – деді Индира Расылхан.

Әнші намаздың арқасында аман қалғанын атап өтті. 

“Сол намазбен Алла осы уақытқа дейін мені сақтады ғой. Аллаға сансыз шүкір. Дүниені жүрегіме байлаған адам болсам, сынып кетер едім”, – деді ол. 

Рубрика: