Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 
Роза Рымбаева сахнаға суретке түсуге шыққан көрерменнің кеудесінен итерді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы “Dudoser” Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Видеода Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт, сахнада Роза Рымбаева ән айтуда. Әншімен суретке түскісі келген жігіт сахнаға көтеріліп, жұлдыздың қасына жақындап, селфи жасамақ болды. Алайда әнші оны “Ары кет, маған бөгет жасап тұрсың” деп итеріп жіберді.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын бірі сынаса, бірі жақтады.

 

“Қартайғанның белгісі”, “Фонограмма емес екен”, “Дұрыс емес, ер адамның көкірегінен итеруге болмайды”, “Ұят болды ғой”,”Құтырған екен”,”Сахнаға деген мәдениет керек қой” – деп жазды желі қолданушылары.

 

 

Рубрика: