Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Иран Ислам Республикасының құзырлы органдары боксшы Садаф ХАДЕМДІ түрмеге тоғытпақ. Өз елі үшін халықаралық турнирден алғаш болып алтын алған боксшы Франциядан саяси пана сұрамақшы.

allboxing.ru сайтының жазуынша, боксы қыз рингке хиджабсыз шыққаны үшін жазықты болған. Иран заңы бойынша спортшы шаршы алаңға барлық денесін жауып тұратын киіммен шығуы тиіс еді. Сондай-ақ, Садафқа ер адамның қарамағында жаттығып жүргені үшін де айып тағып отыр.

Иран бокс федерациясы боксшы қызға арша түспеді. Керісінше Хадем біздің сапымызда емес. Ол жеке спортшы ретінде жарысқа аттанған деп отыр.

Қазіргі күні Францияда жарыста жүрген боксшы мен оның бапкері Махьяр МОНШИПУР енді ресми Парижден саяси пана сұрамақшы.

Фото: allboxing.ru

Жас Алаш

Рубрика: