АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева ерсі биімен елді шошытты (видео)

[:kz]

«Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева ерсі биімен елді шошытты (видео)

Үнемі көпшіліктің сынына ұшырап жүретін Кәмшат бұл жолы да ел аузында сөз болды. Тыңдармандарының кейбірі әншінің қандай әрекетін оң қабылдаса да, кейбірі сын айтуға дайын. 

Өзге өнер жұлдыздарынан ашық-жалаңаш образымен ерекшеленетін әнші «Gakku Дауысы» фестивалінде биылға жаңа әнін шырқады. Топ қызбен би биледі. Сахнада аяғын көкке көтеріп, айқара ашты. Дәл осы қылығы көптің ызасын келтірді. 

«Сахнада жатып талтайғаны несі?», «Осыны да өнер деп жүрміз ғой», «Кәмшатқа бәрі жараса кетеді», «Бидің де естісі бар, есері бар», — десті олар.

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Астана алаңында жыл сайынғы «GAKKU DAUYSY» Қазақстан эстрадасының VI фестивалі өтті.

Gakku телеарнасы ұйымдастырған концерт барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің ең жарқын өкілдерін және әртүрлі музыкалық жанрлардың өкілдерін бір сахнаға жинады.

https://stan.kz/gakku-dauisi-festivalinde-oner-korsetken-kamshat-zholdibaeva-ersi-biimen-eldi-shoshitti-video-322028/

 

[:]