АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Фигурасы баршылық»: Тұрсынбек Қабатов Сәдуақасова туралы бар ойын айтты (видео)[:]

[:kz]

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өнердегі әріптесі Мадина Сәдуақасоваға қатысты қандай ойда екенін жасырмай айтты. Өнер иесі әнші бикештің даусы мен мінсіз мүсінін ерекше атап өтті. Эстрада өкілі КВН жұлдызының өзі туралы айтқан пікірінен кейін ұялып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Тұрсынбек Қабатов Сәдуақасова туралы ойын «Дастархан Show» бағдарламасында айтты. «Мадинаның дауысын, тембрін радиодан да, теледидардан да тыңдасаң да бірден білесің. Оның түрін көрмесең де, дауысынан танып қоясың.

Мадинаның дауысының бір ерекшелігі бар. Мадинаның фигурасы да Аллаға шүкір баршылық қой. Ол әрдайым ұзын әдемі әрі жабық киім киіп жүреді.

Біздің буын сондай болды ғой деймін. Қазір енді жастар жағы көбіне ашық киіп жатады. Бірақ, Мәдина, сен ойлама біз қартайып бара жатқан жоқпыз.

Біз енді ғана бастадық. Біздің екінші тынысымыз ашылды. БІз әлі көп еңбек етуіміз керек. Біздің әлі талай баспалдағымыз бар. Қырық деген нағыз жүмыс істейтін уақыт.

Әлі талай таңғалдырамыз», — деді Тұрсынбек Қабатов. Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың өзінен айнымайтын сіңлісі туралы жазған болатынбыз.

Ол әнші әпкесімен шатастырып алатындарға оның атынан қолтаңба беріп, суретке түсетінін айтты. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

kaz.nur.kz

[:]