Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастың туған күнімен құттықтау үшін арнайы Мальдив аралдарына барған. Эстрада жұлдызы оған күтепеген тосын сый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның шетел асып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші Мальдив аралдарына Қайрат Нұртастың жаңа жасын тойлауға барған. Туған күн иесі де сыйлы қонағы келгенін өз парақшасында жария етті.

Ол Ерке Есмаханмен видео жариялап, барша жақындарына алғысын білдірді. Белгілі болғандай, Ерке Есмаханнан бөлек, Қайраттың жеке мерекесіне танымал отандық блогерлер Нұрдәулет “NNN” мен Әлішер Қонысбаев та барған. “Қош келдің 33! Мен үшін келген әрбір жанға алғысым шексіз! Ағасын қолдап келген Нұрдаулет пен Әлішер бауырыма, тосын сый боп келіп, таңғалдырған Ерке досыма Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін”, – деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Сонымен қатар, өнер иесінің жақындары мен бауырлары да болған. Алайда, барша қонақтардың арасында әртістің өз жанұясы болмады. Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын туған күнге не себепті жібермегенін түсінідіріп өткен еді.

 

 

/kaz.nur.kz

 

Рубрика: