Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазір билікте кім тұрғанына қарамастан, Ауғанстандағы бейбітшілік үшін Талибанмен (Қазақстан және бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған ұйым) ынтымақтастықтың кез келген түріне дайын екенін мәлімдеді. “Анадолы” агенттігінің ақпаратынша, түркиялық БАҚ-қа сұқбат берген мемлекет басшысы онда тұратын қандастардың амандығы үшін, сондай-ақ Түркияның мүддесін қорғау үшін Ауғанстанмен ынтымақтастыққа дайын екенін айтқан. “Бұл елде кім билікте болса да, Түркия бауырлас Ауғанстанды кез келген уақытта қолдайтын болады”, – деді түркиялық көшбасшы.

Сонымен қатар Ердоған елде билікке келген “Талибан” қозғалысының ұстамды және сарапталған мәлімдемелерін құптайтынын, сондай-ақ қозғалыс жетекшілерімен кездесу өткізуге дайын екенін айтты. “Біз бұған дейін “Талибан” көшбасшыларын қабылдай алатынымызды айтқанбыз. Бүгінде осы позицияны ұстанамыз”, – деді президент.

Ол сондай-ақ Түркияның Ауғанстанда әскерінің болуы елдің жаңа үкіметінің позициясын нығайтып, оның жұмысын жеңілдетуі мүмкін екенін атап өтті.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: