АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еден жуған Ерке Есмахан көпшілікті таңғалдырды[:]

[:kz]

Ерке Есмахан өзі жүргізетін бағдарлама студиясында еден жуып, көпшілікті таңғалдырды. Анықталғандай, әнші өзге қызметкерлерге көмектеспек болған. Отандық жұлдыздың еден жуып жатқан видеосы әлеуметтік желілерге тарап, елдің қызу талқысына ұласты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның қатысуымен болған қызықты оқиға Instagram желісінде жарияланған. Видеода әншінің студияны тазалықта ұстамақ болып, еден жууға кірісіп кеткені көрініс тапты.

Эстрада әртісінің бұл игі әрекеті желідегілер арасында екі түрлі пікір тудырды. Бірі әншінің қылығын жоғары бағалап жатса, енді бірі оны сынаға алған.

«Несіне таңғалып жатырсыңдар? Ол жұлдыз екен деп еден жумау керек пе? Әйел адам ғой, күнде жасау керек бұл жұмысты» , «Жақсы жарасып тұр. Қарапайым жерден шыққаны көрініп-ақ тұр», «Өмірі қолына сулы орамал ұстап көрмегендей таңғалды ғой», «Еден жуғанға намыстанып тұрған жоқ. Керісінше, еркелеп тұр» , «Өтірік әйтеу елге жағу үшін өтірік жасап тұр. Шын өмірінде үй жинамайды десе таңғалмаймын» , «Хайп қой кезекті» , «Жүсаң, дұрыстап жу. Өтірік өте салмай» , — деп жазуда көпшілік.

  

[:]