АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Құдайберген Лара Фабианмен «әлемдегі ең үздік әнші» атағына таласып жатыр[:]

[:kz]

Қазіргі уақытта Димаш Құдайберген екінші орында тұр, оған 115 мың дауыс берілген.

Кез келген адам қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге 25 желтоқсанға дейін дауыс беру арқылы басқа номинанттардан озып шығуына көмектесе алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ережеге сәйкес, adagio.world веб-сайтында сіз бірнеше кандидатураға бір-ақ рет дауыс бере аласыз.

Үміткерлер арасында Лара Фабиан, Сара Брайтман, Хосе Каррерас сияқты танымал жұлдыздар бар.

Қазіргі уақытта Димаш Құдайберген екінші орында тұр, оған 115 мың дауыс берілген. Бірінші орында Димаштан 1 мың дауыс артық жинаған Лара Фабиан тұр. Ал үшінші орында — Сара Брайтман.

Adagio world — халықаралық әншілердің бақ сынасатын жүлдесі. Мықты әнші тыңдармандардың дауыс беруі арқылы анықталады.

Дауыс беруге ниеттілер ұсынылған әндерді тыңдап, өзінің бірнеше сүйікті әншісіне қолдау көрсете алады.

 

[:]