АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бұл сабақ қой»: Перьм университетіне жасалған қарулы шабуыл кезінде мұғалім дәрісін тоқтатпаған[:]

[:kz]

 

Студенттер Пермь мемлекеттік университетіне жасалған қарулы шабуыл кезінде дәрісін тоқтатпаған ұстаздарының әрекетіне наразы. Ал оқытушы барлығын дұрыс жасадым дейді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 59.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 қыркүйекте шамамен сағат 11:30-да заң факультетінің бірінші курс студенті Пермь мемлекеттік университетінің кампусына оқ жаудырды. Оқиға университеттің №8 корпусында болған. Филология студенттері жағдай орын алған кезде орыс әдебиетінің тарихынан дәріс беретін мұғалім Олег Сыромятников төтенше жағдайды елемей, сабағын жалғастыра бергенін айтады. 

 

Аталған сайтта дәріс басталғаннан бері жүргізілген аудиожазба келтірілген.

Сабақ басталғаннан 4 минут өткен соң студенттердің бірінің анасы сыныпқа жүгіріп келіп: «Кешірім өтінемін, ана жақта төтенше жағдай, қолында қаруы бар адам оқ жаудыруда. Менің ойымша есіктерді бекітуіміз қажет», — дейді. Бұған жауап берген мұғалім: «Бекітіңіздер», — дейді де сабағын жалғастыра береді. 

Келтірілген аудиожазбада бір жарым минут өткен соң мылтықтың дауысына ұқсайтын дыбыстар естіледі. 15 секундтан кейін дабыл қосылып, 10 секунд өткеннен кейін қайта сөніп қалады. Содан соң полиция көлігінің сиренасының дауысы шығады.

Осы уақыттың барлығында мұғалім дәрісін тоқтатпайды. Жарты минуттан кейін студенттер мұғалімнен жасырынып отыру үшін, жарықты сөндіруді сұрайды. Мұғалім келіседі. Содан соң былай дейді: «Міне, соңы. Біз барлық террористердің көзін жоямыз. Болды, жұмысымызды жалғастырамыз, ары қарай жазамыз».

Сабақ басталғаннан 18 минуттан кейін оқушылар қайтадан мұғалімге жүгінеді. Олар әлеуметтік желілерде шабуылдаушы туралы және партаның астында жасырыну қажеттігі туралы жазбаларды оқып береді. Есікті орындықтармен бекіту туралы ұсыныстарға мұғалім: «Байыпты түрде қарайықшы, бұл сабақ қой», — деген. Білім алушылар мен студенттердің бірінің анасы болып жатқан оқиға жайлы егжей-тегжейлі айтуды жалғастырады, алайда ұстаз оларға «Енді не болыпты?» — деп сұрақ қояды және осы жерде жазба үзіліп кетеді.

Екінші аудиожазбада болжам бойынша мұғалімнің университет деканымен сөйлескен сөзі келтіріледі. Декан өз кезегінде «сыныптардан шықпай, қандай да бір бұйрықты күтуді» айтады. Және ол құтқару қызметінің шығып кеткенін жеткізеді, осыдан кейін оқытушы «Деканның не айтқанын естідіңіздер ғой? Сабақты жалғастырамыз», — дейді.

«Тек артық назар аудартпау қажет, — дейді оқытушы студенттерге. – Дәрісті жалғастырамыз. Деканның не айтқанын естідіңіздер ғой? Өсек аяңға толы жаңалықтарды азырақ оқу қажет».

Сабақ қайта жалғасқаннан кейін 4 минуттан соң мұғалім сыбырласып сөйлескен студенттерге ескерту жасайды.

«Қыздар, сіздер маған кедергі болып жатсыздар. Қалаған істеріңізбен айналысыңыздар, бірақ мен бұл тапсырамына сұрайтын боламын. Бізге бұл сабақты ешкім қайтарып бермейді. Оқығаларыңыз келмесе оқымай-ақ қойыңыздар, мен сіздерді күштеп мәжбүрлей алмаймын. Әрине, егер біреу автоматпен кіріп келіп оқуға мәжбүрлесе – сол қызығырақ болатын еді»,- дейді ол.

Осыдан кейін дәріс қайта жалғасады. Жазбада бірнеше рет біреудің есік қаққаны естіледі, алайда мұғалім сабақты сыбырлап оқуын тоқтатпайды. Есікті тәртіп сақшылары келіп ұрған кезде оқушылардың бірінің анасы есікті ашады. Бұл уақытта да мұғалім оқу материалын оқып жатқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, атыс салдарынан алты адам қаза тапқан. Олардың 28-і жарақат алып, 19-ы оқтан жапа шеккен. Атысты ұйымдастырушының өзі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

[:]