АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Бүгін қазақстандықтар Аналар күнін атап өтуде [:]

[:kz]

 

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 2012 жылы бекітілген атаулы күн жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады. Биылғы жылы мереке 19 қыркүйекке түсіп отыр.

Мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тойлануда. Ол 2012 жылдың 8 наурызы қарсаңында күздің бір күнін аналарға арнауды ұсынған болатын. Нәтижесінде Қазақстан күнтізбесінде «Аналар күні» пайда болды. Айта кетсек, Аналар күні әлемнің әр елінде түрлі уақытта тойланады.

Мәселен, Германия, Италия, Түркия, АҚШ, Дания, Жапония мен Бразилияда Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтеді. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаңа мереке пайда болғаны туралы жазған едік. 1 қазан Радио қызметкерлерінің ресми күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.

kaz.nur.kz

 

[:]