Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сәуле Әбілдаханқызы «Смеется тот, кто смеется последним!» деп сөзін аяқтапты. Бұл сөзді ол өз-өзіне қол салған Аягүл Мантайға арнаған посттарында да жазған.

«Ақжүніс» бағдарламасы арқылы танылған журналист Сәуле Әбілдаханқызы Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратоваға тағы шүйлікті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.ға сілтеме жаса ған Skifnews.kz   ақпарат порталы.

Мен “Осман” фильмінің “ішіне” кіріп кетіп, басқа жаққа мойын бұруға уақыт болмай жүрген. “Халықаралық блогер” жалдағыш ауыш зауыш мадам бадам мектептен жұмыстан кетіпті, – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желіге.

Сәуле Әбілдаханқызының айтуынша, Ұлжан Елмұратова ертең-ақ басқа жерге жұмысқа кіретініне сенімді.

Маған ешқайсысыңның шамаң келмейді! Сәулеңді шайнап тастадым!..” дейтін көрінеді, – деп күледі журналист.

Ұлжан Елмұратованың қоқаң-лоққысына журналист өзінің қолында оған қарсы компроматтары бар екен, сотқа жүгінетінін меңзеді.

Мендегі фактілер сені ғана емес, талай дөкейді “шайнамай жұтады…” Ал сотта фактілер сөйлейді!!!, – дейді Ақжүніс.

Сәуле Әбілдаханқызы “Смеется тот, кто смеется последним!..” деп сөзін аяқтапты. Бұл сөзді ол өз-өзіне қол салған Аягүл Мантайға арнаған посттарында да жазған. Ол кезде кейбіреулер Сәуле Әбілдаханқызын осы жағдай кезінде айыптаған еді. Ұлжан Елмұратова болса, балаларды боқтап, балағаттаған бейнежазба арқылы танылған-ды.

Рубрика: