АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бішкекте Ауғанстаннан келген босқындар наразылық білдірді [:]

[:kz]

 

Қырғызстан астанасындағы БҰҰ ғимаратының алдында Ауғанстаннан келген босқындар наразылық білдірді. Олар мемлекеттен өздеріне ресми мәртебе беруді немесе басқа елге жіберуді талап етті.

24.kg басылымының дерегінше, наразылық білдірушер Қырғызстанда бірнеше жыл тұратын босқындар.

Олардың бірі Али Сарвар Мұхаммад Набидің айтуынша, Ауғанстан азаматтары Қырғызстанда 18-20 жылдан бері тұрады, алайда оларға сол бойы құжат берілмеген. Сол себепті де олар көмек сұрауды жөн көрген. «Біз мұнда босқындар мандаты бойынша өмір сүреміз. Бұл құжатпен жұмысқа кіру өте қиын.

Бізге Қырғызстан азаматтығын бергенін немесе Канада, АҚШ сынды елдерге жібергенін қалаймыз. Өкінішке қарай, бізге БҰҰ-дан ешкім байланысқа шықпады, жедел желі бойынша да сұрағымызға жауап бере алмады», — дейді Мұхаммад Наби.

 

kaz.nur.kz

 

[:]