АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]“Бірдей түрлерден сәлем” Актриса Мереке Қалбаева жұртты күлкіге қарқ қылды [:]

[:kz]

 

Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаева инстаграм әлеуметтік желісіне жолдасы мен қызының суретін салып, жұртты әбден күлдірді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қазіргі таңда әншілікке бет тұрып, өзінің жетекшілігімен веб-сериал түсіріп көрерменнің көңілін көтеріп, жүздеріне күлкі сыйлап жүрген Мерекенің алдағы уақытта жақсы жаңалықтары жетерлік.

Инстаграмда актрисаның оқырмандарының саны +750.000-ға жетті. 

Күнде әзілдерімен оқырмандарын күлдіріп оятатын актриса бүгін жолдасы Арсен мен қызы Арудың шаштарын бірдей буып суретке түсіріп желіге «Бірдей түрлерден сәлем»,-деп жүктеген болатын.

 

Мұны көрген оқырмандар әбден күлкіге «қарқ» болғанын жарыса жазды.

«Осылай күлдірмесеңдер Квн-чик боласыңдар ма?»,»Ма Ша Аллах»,»Әкесіне ұқсаған қыз әдемі және бақытты болады»,»Бақытты болыңдар»,»Әрдайым осылай күлдіріп жүре беріңіздер»,- деп пікір қалдырды.

 
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]