Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысындағы әскери базадан жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

19 жастағы жауынгер Ұлықбек Бердішевтің жоғалғаны туралы хабар 2 наурызда таралған еді. Оның мәйіті Қырғызстандағы таулардан табылды. 

Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді”, – деп жазды журналист.

Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды. 

Еске салсақ, сарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген екен. Жас жауынгер 2 ақпанда  күндізгі екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, оның туыстарына да хабар айтылған. 

Рубрика: