Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Редакциямызға Алматыдағы №30 мектептің мұғалімі Гүлнар ӘБІЛМАНСҰР президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына жазылған АШЫҚ ХАТЫН жариялауды өтініп хабарласты. Ұстаздың айтуынша, оны мектеп директоры ақша жинамағаны үшін заңсыз жұмыстан шығарып, жала жауып, үстінен қылмыстық іс қозғатқан.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ АШЫҚ ХАТ

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізге бұл хатты Алматы қаласының №30 гимназиясының бұрынғы бастауыш сынып мұғалімі ӘБІЛМАНСҰР Гүлнар жазып отыр. Мен мұғалімдіктен өзімнің еркіммен кеткен жоқпын. Осы гимназияда Ережепова Ғалия Батиханқызының басшылығында 6 жыл бойы жұмыс істеп, жұмыс орнымдағы сыбайлас жемқорлыққа, таныстық пен туыстыққа қарсы тұрдым. Осы жылдар ішінде мен сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне куәгер болдым:Жалақыны ұстап қалу;КРУ комиссиясына мұғалімдерден ақша жинау. Әр мұғалімнен 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін;кейбір сабақтар мен факультативтер өткізілмейді, бірақ журналға жазылады;«өлі жандар» – мұғалімдер мен жұмысшылар мектепке жалған қабылдануы;Оқушылар мен ата-аналардан сыныптан тыс жұмыстар аясында қаражат жиналды; Әр мұғалім біліктілігін арттыру үшін мектеп директорына 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде қаражат берді.

Мысалы, бастауыш сынып мұғалімі К. Жасимбекова (ГОРИПК-да бірнеше ай жұмыс істеген). Ол сол жердегі «керекті адамды» білгеннен кейін ақша мен құжаттарды апарып жүрді. Бұл мұғалімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті №30 мектепте жұмыс істемей тұрып пара алғаны үшін ұстаған болатын; әр күнтізбелік мерекеге мұғалімдер директор үшін «сыйлық» ретінде 2000-нан 10000 теңгеге дейін жинады; жазғы демалыстан кейін мұғалімдер мектепті жууға жұмылдырылды; кәсіподақ жиналыстары ешқашан өткізілген жоқ, есептер де, салықтық тексерулер де болған жоқ

.Жеке өзім кәсіподаққа кіруге өтініш берген жоқпын, бірақ кәсіподақтықжарналар менің хабарымсыз жалақымнан ұсталды. Жалпы, мұғалімдер кәсіподаққа мүшеліктен ешқандай пайда көрмейді!

Директор мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары(Құрманбаева Айгүл Серікқалиқызы)  тарапынан мұғалімдерді қорқыту, балағаттау және қорлау үйреншікті жағдайға айналды; жұмысқа қабылдау туыстық, таныстық қағидасыбойынша жүргізілді; басшылық жас мамандарды жұмысқа алуды қаламады. Өйткені, зейнеткер-мұғалімдер қызметінде қалу үшін сыбайлас жемқорлықты үнсіз бақылауға мәжбүр.

Сол себептен зейнеткерлерді жұмыста барынша ұзақ қалдыру немесе алу тиімдірек. Менің осы мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресім өзіме қарсы қудалау мен репрессияға алып келді.

 2017 жылдың сәуірінде мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне өтініш бердім. Осыдан кейін мектеп директоры маған қарсы компромат жинай бастады.

Мен барлық билік органдарына жүгіндім. Олар менің өтініштерімді Алматы қаласының Білім басқармасына және аудандық білім бөліміне қайта бағыттады.

Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова А.А. №30 мектеп басшылығының заңсыз әрекеттері туралы арызым бойынша бірінші жиналысты менің қатысуымсыз өткізді. Жиналыста «бәрі жақсы» деп мұғалімдердің қолтаңбаларын жинады.

Осы жиналыстан кейін, мағанқарсы 6-сынып оқушысын ұрып-соқты деп, жалған қылмыстық іс қозғалды. Іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты жабылды.

Осылайша, мен бұл қорлықтан да өттім. Мені ел азаматы, мұғалім, салық төлеуші, «Нұр Отан» партиясының мүшесі екенімді ескеріп, бірде-бір бастық, бірде-бір кәсіподақ, қорғаған жоқ. Мен өз-өзімді қорғадым.

Мені директор Ережепова Г.Б. 2018 жылдың қыркүйегінде статья бойынша жұмыстан шығарды. Менің жұмыстан шығарылуымның заңсыздығы туралы соттар да болды. Бірақ ешкім мұғалімнің проблемасын терең түсінгісі де келмеді.

Сот отырысы 10-ақ минутта өтті, 2 минуттан кейін маған қарсы шешім шықты.12 минут ішінде олар адамның тағдырын шешті. Менің жұмыстан қуылуым күллі мұғалім қоғамына көрсетілген қорлық деп есептеймін!

ЕГЕР КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ БОЛСАҢ, МЕКТЕПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ЕМЕССІҢ ДЕГЕН СӨЗ! ЕЛДЕН АЛА БӨТЕНСІҢ!

Және бұл жердегі ең басты сұрақ: Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы мен Алматы қаласының білім басқармасының басшысы бұл мәселеде шетте қалуы мүмкін бе? Олар өздерінің жауапкершілік аймағында не болып жатқанын білмеді ме? Әрине білді. Бірақ, шуды қаламады және орындарынан айырылғысы келмеді. Ал мұғалім деген кім? Жәй ғана шен-шекпенділердің қолжаулығы!

Республикалық маңызы бар қалалардан бастап ең шалғайдағы ауылдарға дейінгі әрбір мектеп жемқорлыққа белшесінен батқан! Қорқыту, сыбайлас жемқорлық және руластық – орта білім саласының ажырамас бөлігіне айналды!

Осының бәріне не себеп?

Қалыптасқан өкінішті жағдайды өмір нормасы ретінде қабылдаған адамдардың үнсіздігінен адал адамдардың дауысы естілмей жатыр. Оның үстіне, бұған қарсы күрескендер қудаланады және репрессияланады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізден қарапайым ұстаздың даусын естуіңізді сұраймын. Менің бар кінәм – мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шыққаным.

Біз, мұғалімдер, бар уақытымыз бен күш-жігерімізді ел игілігі үшін жұмсаймыз. Мектеп – қоғамның тірегі, жас ұрпақтың дұрыс құндылықтарды сіңіретін екінші үйі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Мұғалімнің абыройы директор, мектеп әкімшілігі, білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің таптауында қалды. Мұғалімнің еңсесін көтеріп, оларға қарсы сөз айтуға мүмкіншілігі болмады.

Мұғалімдердің сауатсыз және дәрменсіз директорлар мен олардың қолшоқпарларынан қаншалықты шаршағандығын білсеңіз ғой. Менің көрген тауқыметім көп мұғалімнің басынан да өткен. Шыны керек, бұл қарапайым мұғалімнің күнделікті өмірі.

Егер әріптестерім білім беру жүйесіндегі қалыптасқан жағдайдың құрбандары болмаса, менің сөздерімді қолдайтын еді.

Осыған байланысты «Жас Алаш» тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласының білім басқармасы мен №30 мектеп директоры Ғалия ЕРЕЖЕПОВАҒА хабарласты. Білім басқармасының өкілі барлық сұрақтарды хат түрінде электронды поштаға жіберу қажеттігін айтты. Ал Ғалия Ережепова тұтқасын көтермеді.

 «Жас Алаш

Рубрика: