Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары желі қолданушыларына барынша ашылып, өз отбасы туралы айтып берді. Толқын Тұрарбекқызы ата-анасы жайлы жан сырын ақтарып, балалық шағы қалай өткенімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Ұлы дала баласының ” келіншегі өз жанұясы жайлы Instagram парақшасында айтып берді. Белгілі болғандай, олар отбасында бес ағайынды екен. Толқын Тұрарбекқызы ата-анасы қаншалықты қарбалас жұмыста болғанымен де, оның дамуына елеулі үлес қосқанын алға тартты. “Үйде бес ағайындымыз. Әке-шешем біздің жан-жақты дамуымызға көп көңіл бөлді. Онымен қоса, кругозоры артсын деді ме, алыс жақын жерлерді аралап көргенімізді қалады. Әкешім, 6 күн жұмысының бір күн демалысын біз үшін жоспарлайтын. Оқушы кезімде мектепте тым белсенді едiм. Сабақтан кейін “тығыз графигiмнен” тiптi тамақтануға зорға уақыт табатынмын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tolkyn Turarbekkyzy (@tolkynturarbekkyzy)

Ағылшын, домбыра, вокал, т.б. үйірмелермен қатар спортқа да өте қызығатынмын. Бала армандарымның бірі үлкен теннисші болу еді. Ал каникулымыз атамның жайлауында өтетін. Туған жерімнің табиғаты шіркін керемет екен ғой, қазір ойласам. Жаз бойы қолғабыс ете жүріп, атамның аузынан аңыз-ертегінiң түр-түрiн тыңдайтынбыз. Ал ең қызығы – сарқыт жеу болатын. Қонақтан келген атамның қолында бауырсақ пен кәмпит салынған пәкеті болатын.

Сол сарқыттан дәм тату үшін қаздай тiзiлiп, атамның сүйікті халық әні “Гүлдерайымды” айтатын едік. Қайран балалық-ай! Балдәурен балалық шағымыздың бақытты өтуiне барын салған – анам мен әкем.

Әкешім жауапты қызметте жүрсе де, қанша жерден қарбалас болса да, бiздiң күйiмiздi тыңдамай жұмысқа аттанбайтын. Әкем әлемде әр дүниенiң сұрауы барын, дап-дайын боп аспаннан сау ете түспейтiнiн сөзiмен аңғартатын.

Ұялы телефон жаңадан шығып, бала бiткен соған аңсарымыз ауып жүргенде “үздік оқысаңдар ғана әперем” дейтін. Осылайша әкем менің санама “еңбек етсең мақсатыңа да жетесiң” деген ойды бекiтiп берді. Осындай данагөй ата, көреген әке, мейiрбан ананың тәрбиесін нәсіп еткен Аллаға мың да бір шүкір деймін” , – деп жазды ол.

 

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: