АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжал: Оқиғаға полиция түсінік берді[:]

[:kz]

Бүгін Нұр-Сұлтандағы парламент ғимаратында журналист Айнұр Коскина мен экс-депутат Бекболат Тілеуханның арасындағы болған дауға қатысты полиция түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Осы жылдың 29 желтоқсанында «102» операторына журналист Айнұр Коскинадан сағат 10.15-те парламент ғимаратында экс-депутат Бекболат Тілеуханның кәсіби қызметіне кедергі келтіріп, штативті қасақана бүлдіріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені туралы хабарлама келіп түскен. Арыз Есіл аудандық полиция бөліміне тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.

Айнұр Коскинаның сөзінше, Бекболат Тілеухан сұхбат алар уақытта телефонның штативін сындырып, басынан ұрған. Журналист шенеуніктен оның көп әйел алуға деген көзқарасын білгісі келген.

Журналист эск-депутатпен бірге лифтке кірмек болғанда ол оны итеріп жіберген.

Алайда Айнұр Коскина экс-депутатпен бірге кіріп үлгерген, тілшінің сөзінше лифтіге кірген уақытта шенеунік өзіне зорлық көрсеткен. Болған оқиғаны журналист видеоға түсіріп алған.

«Мен лифтке кіріп, ешнәрсе айтып та үлгермедім, есік жабыла салысымен Тілеухан мырза штативке бекітіліп тұрған телефонымды тартып алмақ болды. Ол ұялы телефонға арналған штативті сындырып, менің басымның сол жағынан ұрды, ал оған дейін менің қолымды тас қылып ұстап тұрды, мұны қолдарымдағы көгерген іздерден байқауға болады. Мен одан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тұрғысынан көп әйел алу туралы сұрағаныммен, менің әйелімде не шаруаң деп жалғастыра бастады», — деді Айнұр Коскина.

Тілшінің сөзінше, мәжілісте отырған полицейлер өтінішті қабылдауға құқы жоқ екенін айтқан. Егер Тілеухан мәжіліс депутаты болып тұрғанда, журналисттің тәртіптік комиссияға жүгінуге құқығы бар еді.

«Соққы тиген жердегі басым ауырып тұр, әсіресе қатты бассам. Штатив толығымен сынған, ал телефон аман. Бұл оқиғаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бойынша қарастырылуын талап етемін. Яғни, мен оған Қазақстан Республикасының азаматы ретінде емес, мемлекеттік қызметкер ретінде талап қойып отырмын», — деп түйіндеді журналист.

Бекболат Тілеуханның өзі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, бүгін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның қызметін уақытынан бұрын тоқтататыны белгілі болған.

Vesti.kg порталының тілшісі Айнұр Коскина сұхбат алып жатқан уақытта экс-депуттаты өзіне қол көтерді деп айыптаған.

[:]