– Мен он алты жасымда алғаш рет киноға түстім. Ол шағын әрі жарқын эпизодтағы «Мираж қыздың» рөлін сомдап шықтым. Бұл қандай фильм екенін білесіздер ме!? – деді Баян Мақсатқызы. Баян Мақсатқызының жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдауда. “Сұлулық – өнер. Әдемі қартая білу – еңбек. Сізге күш пен денсаулық тілеймін!”, “Кішкентай қызыңыз өзіңізге ұқсапты”, “Түк өзгермегенсіз. Баяғыдай жап-жассыз ғой”, “Кукла Барби болып тұрсыз”, “Дәл қазіргі – Айару”, “Ол кезде табиғи сұлулық басым ғой қазіргіге қарағанда”, “Сондай сүйкімді”, “Кішкентай қызы деп ойлап қалдым” – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Рубрика: Kazakhstan news