АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Басын тақырлап тастаған Жұлдыз Өмірғали елді таңғалдырды (видео) [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали имиджін өзгертіп тастап, халықты қатты таңғалдырды. Желіде қолаң шашты өнер иесінің басын тақырлап тастаған видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тақырбас болып шыға келген Айқын Төлепбергеннің жарын қалың көпшілік танымай қалды. Instagram желісіндегі kazakh__stars парақшасында жариялағанған бейнежазбада Жұлдыз Өмірғалидің шашы жоқ екенін байқауға болады.

Видеода бет әрлеу маманы басын тақырлап тастаған өнер иесін бояндырып жатқаны көрініс тапты. Желі қолданушылары бірден Жұлдыз Өмірғали бой көрсеткен роликті қызу талқылап тастаған. Алайда, эстрада жұлдызының жаңа имиджіне сәйкес қалың көпшіліктің ойы бір жерден шықпады. Халық екі түрлі ой білдірді. Бірі актрисаның мұндай қадамға не себепті барғанын біле алмай әлек болса, енді бірі оның басын тақырлап тастағанына сенбей қойды. Олар белгілі рөлді сомдау үшін әншінің шашын жасырып қою керек болғанын алға тартады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қызықты әрі күлкілі видеолар) (@kazakh__stars)

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиің Қырғызстанға барып келгені белгілі болды. Жұлдызды жұп көрші елде кезекті ортақ бейнебаянды түсіріп қайтқан. «Кешью» тобының бұрынғы мүшесі жолдасының тағы бір клипінде басты рөлді сомдады. Сонымен қатар, Мадина Сәдуақасова жаңа ерекше образда фотосессия жасағаны үшін елден оңбай сөз естіген еді. Шоу-бизнес жұлдызы оқушы қыздың кейпіне еніп, қысқалау киім киіп алған

kaz.nur.kz

[:]