Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы жайлы сауалға жауап берді. Ол абақтыға барып тұратынын айтып, бұл тақырыпты ел алдында қозғағысы келмейтінін кесіп айтты. Бикеш әкесі туралы сұрақ қойған оқырманын “әдепсіз, ақылсыз” деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айсәуле Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырды. Оқырмандардың бірі бикештен абақтыда жатқан әкесі жайлы сұрады. Орынсыз сұраққа ашуланған Айсәуле: 

 

“Иә, барып тұрамын. Ал сіз осындай сұрақ қоймас бұрын, неге бұл тақырыпта ешқандай пост, сторис жоқ деп ойладыңыз ба? Мүмкін оны сөз қылатындай немесе мақтанатындай себеп көрмегенімнен шығар?!
Түсінікті жағдай, бұл тақырып менің жаныма жақпайды. Егер осыған ұқсас жағдай сіздің басыңыздан өтсе, бүкіл елге жария еткіңіз келер ме еді?! Ендеше мұндай сұрақ қоймас бұрын, алдымен мен жүріп өткен аяқ киімді неге киіп көрмеске?

Инстаграмдағы адамдарға ұқсап, аяушылық сезімін тудырғым, мұндай сұм жолмен аудиторияның махаббатын жаулағым келмейді. Аянышты жазбамен фото-видео жариялап, ақымақтық танытқым келмейді. Ол менің болмысыма жат. 

Өз-өзіме адалмын, не істеп жүргенімді, қандай перзент екенімді өзім білемін. Оны елге көрсету аянышты деп ойлаймын. Бұл жариялайтындай тақырып емес. 

Құдайға шүкір, анам ақылсыз әйел емес. Әкемізбен арадағы мәселесін балаларына өткізген жоқ. Әкем де солай. Сондықтан да анаммен де, әкеммен де қарым-қатынасым керемет. Сіз осыны ғана білсеңіз жеткілікті. Ал сіз тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, Айсәуленің әкесі 5 жылдан бері түрмеде отыр. Бақытбек Есентаев бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызына пышақ жарақатын салып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Рубрика: