АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]БАҚ: Пелоси Тайвань басшысы Цай Инвэньмен кездесуді бастады [:]

[:kz]

 

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесуді бастады, деп хабарлайды ТАСС тайваньдық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Кездесу алдында Пелоси Вашингтон мен Тайбэйдің қарым-қатынасын дамытудағы еңбегі үшін «Мейірімді бұлттар ордені» медалімен марапатталды, деп жазады РИА Новости. «Бүгін біздің делегация Тайваньға адалдығымыздан бас тартпайтынымызды және уақыт сынынан өткен достығымызды мақтан тұтатынымызды білдіру үшін келді», — деді Пелоси. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға 2 тамыз күні кешке келді. Оның аралға сапарына Қытай қарсы пікір білдірді. Сонымен қатар ҚХР билігі Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде ауқымды әскери жаттығу өткізілетінін айтты.

kaz.nur.kz

 

[:]