АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды[:]

[:kz]

 

 

Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды деп хабарлайды nege.kz

 Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен. «112» қызметіне хабарлама түсісімен оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері барды. Құтқарушылар арқанның көмегі арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне жіберілді. «Қазір баланың жағдайы бір қалыпты қалыпты», -– деді Төтенше жағдайлар департаментінен.

 

[:]