Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бұл судья ерекше шешімдерімен кеңінен танылған. Бұған дейін адам өлтіруге оқталған ер адамды кепілге босатуға рұқсат берді. Бірақ айыпталушы өз ауылында немесе қоғамдық жерде бес жеміс ағашын отырғызуға тиіс.

 Үндістанның Бихар штатының соты кінәлі деп танылған ер адамды жарты жыл бойы кір жууға және киім үтіктеуге міндеттеді, деп хабарлайды РИА Новости.

“Айыпталушы жарты жыл бойы арыз түсірген адамның және ол тұратын ауылдағы барлық әйелдің кір киімін жууға тиіс. Алты айдан кейін сол ауылдың үлкені немесе құрметті мемлекеттік қызметшіден куәлік алып, сотқа тапсыруы қажет”, – делінген сот үкімінде.

Оған қоса, ер адам кепілге 10 мың рупий салып, осы сомаға тағы екі кепілгерлік тапсыруы шарт.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы Лалан Кумар Сафи 17 сәуірге қараған түні әйелге шабуыл жасаған. Оны Үндістан қылмыстық кодексінің 354В бөлімі (“әйелді шешіндіру мақсатымен шабуыл жасау”) бойынша жауапқа тартқан. Полиция Сафидің сот үкімін қалай орындайтынын бақылайды.

Сот үкімін шығарған Авинаш Кумар ерекше шешімдерімен кеңінен танылған. Бұған дейін адам өлтіруге оқталған ер адамды кепілге босатуға рұқсат берді. Бірақ айыпталушы өз ауылында немесе қоғамдық жерде бес жеміс ағашын отырғызуға тиіс. Ал тағы бір істі қарағанда жауапқа тартылған ер адамды кәріз құбырын тазартуға міндеттеген.

 

Рубрика: